Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джекпот ұтып алған әйел ақшасына мүгедек балаға зәулім үй алып берді (фото)

Шотландиялық әйел 2012 жылы лотореядан 148 миллион евро ұтып алады. Ол ақшаға көршісінің 4 жасар Блейк есімді науқас баласына арнап үй алып береді.

80d50f8b-fa6b-4f5e-985c-ac62b16eb6cc

Блейк сирек кездесетін жүйке жүйесінің бұзылыуымен зардап шегеді. Енді оның анасы жұмысының жанынан алынған жаңа үйге жиі барып ұлының күтіміне қарай алатын болды.

Джиллиан Байфорд пен оның бұрынғы күйеуі 2012 жылы лотореядан ұтыс алады. Жақында Джиллиан туған қаласы Карнустиде Дженни есімді әйелдің науқас баласына бола жұмысының маңынан үй іздеп жүргенін естиді. Сосын осы мәселені өз қолына алады.

Дженни Макмиллан қайырымдылық дүкенінде жұмыс істейді. Оларға берілетін жаңа үйде баласы мен анасына қажетті заттың бәрі болады. Жалға алу құнын Дженнидің өзі төлейді.

842b53a9-ef6f-4438-a4e8-a5ef9f95ec82

Оның баласы күні бойы күтімге мұқтаж. Ол сөйлей де, отыра да, жүре де алмайды.

«Джиллиан маған осындай көмек жасайды деп күтпедім. Енді мен жақсы жерде балама қарай алатын болдым. Жұмыс кезінде де ұлыма қарайласып, қажет жағдайда келіп кете алам. Джиллиан маған рухани күш берді», – дейді баланың анасы.

afc4312e-89c6-49bb-8b84-3cf661808355

Джиллиан Байфорд Дженнидің қайсарлығына тәнті болғанын айтады. Ол бірде агенттікке келіп жұмысының қасынан үй іздейтінін айтыпты. Байфорд оның баласы үшін үйдің ақшасын төлеуді өз мойнына алатынын, осылайша рождестволық сый жасағысы келгенін айтады. Осылайша науқас баланың анасы еміне жұмсайтын қаражатын үнемдеп қалды.

«Мен балалардың қайырымдылық ұйымына көп көмектесем. Бірақ туған қаламда бірінші рет қайырымдылық жасап отырмын», – дейді Байфорд.

Жіберіп алмаңыз:

Әкесі Рождество мейрамына сый ретінде қызының төсін үлкейтіп берді

«Әлемдегі ең сұрықсыз қыз» көңілге тиерлік сөз айтқандарға қарсы шықты

Оқушы жігіттер мұғаліміне өздерінің ұрығы қосылған бәліш берген

Талқылау