"Шөппен емес, ішекпен кеседі": Сәкен Майғазиевтің әйелі тұсау кесемін деп сынға қалды

Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсаукесер тойы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева сәбидің тұсауын көк шөппен кескен.
“Тұсауың кесілген сәттен бастап өмірің гүлдей құлпырып, бақытқа толсын. Әрдайым ибалы да инабатты қыз болып, ата-анаңның үмітін ақтап, елдің сүйікті аруы бол!” – деп тілек білдірді блогер келіншек.
Желі қолданушылары көк шөппен кескеніне қатысты түрлі пікір білдірді.
“Тұсауды артқы жақтан кесу керек”, “Ішектен өріледі, шөппен емес”, “Танымал адамдар дәстүрді бұрмалап жүр”, “Көк шөппен кескенді бірінші рет көріп тұрмын”, “Осындайлар дәстүрді бұзады, әркім білгенін істейді”, “Ата-бабамыздың дәстүрімен жүруіміз керек”, “Гүлмен кескені несі, ала жібіміз бар емес пе?!” – деп жазды көпшілік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі