Арыста Шөкеев пен өзге шенеуніктер қайда тұрып жатыр (видео)
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалмақанов Өмірзақ Шөкеев тұрып жатқан үйді көрсетті.

Фото: Түркістан облыстық әкімдігі
Айта кетейік Арыстағы жарылыстан соң облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бір ай Арыс қаласында тұратынын айтқан еді. Енді кеңесшісі шенеуніктердің қандай үйде тұрып жатқанын көрсеттті. Ол Facebook парақшасында видео жариялады.
Қалмақановтың айтуынша, жұмыс кездесулері Шөкеев тұрып жатқан үйдің бөлмесінде өтеді. Онда индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен Түркістан облысын әкімінің орынбасары Қосман Айтмұханбетов бар.
Бұған дейін облыс басшысының ашамен шөп түсіргенін жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі