Шоқан Маратұлы не себепті есімін қазақшалағанын түсіндірді
«Ал Давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы ұлты мен есімін өзгерткенін мойындады. Әнші бұл туралы Инстаграмдағы парақшасына жазба қалдырған.
Бұл туралы Stan.kz жазады.
«Менің ұлтымды және есімімді не себепті өзгерткенімді білгісі келетіндер үшін арнайы пост!»,- деп бастаған әнші, өзінің қазақ емес екенін мойындап отыр.
«Менің әкем ұйғыр. Демек мен де ұйғырмын. Атымды өзім қазақшалап алдым. Одан қазақ болып кеткенім жоқ, әрине. Төлқұжат бойынша да қазақпын. Ал, жағымсыз пікір жазатындарға айтарым, оқуын оқып, әрімен өзін дамытса екен деймін. Өйткені, бұл өзгелерге қызғанышмен қарамай, өз өміріңізді жақсартатын жалғыз мүмкіндік»,-дейді «Ал Давай» тобының әншісі.
Еске сала кетсек, Шоқан Маратұлының туған кездегі есімі Шухрат болған. Кейін әнші бұл есімін өзгерткен.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Түнтековке Ресейдің танымал продюсері ұсыныс жасады
Айгүл Иманбаева Сәбитке қайта қосылды деп болжағандарға жауап берді
Сазгер: Заттыбек Көпбосынұлы уәдесін орындамай, телефон тұтқасын да көтермей қашып жүр
Отбасылы Шоқан Маратұлы өзге қызбен көңіл көтеріп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)