Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны өз басын қатерге тігіп, суға кеткен ер адамды құтқарып қалды

Аягөздік Айбек Смаиловтың осыдан екі күн бұрынғы су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі енді мәлім болып жатыр. Біздің түсіру тобы кешеден бері су тасқынының зардаптары туралы бірнеше репортаж берумен айналысып жатыр.

Кеше ғана кіші Аягөз өзенінің бойындағы көпірлердің жөнделіп жатқаны туралы айтқанбыз. Міне, бүгінде бұл жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жалпы бұл өзеннің бойында 3 автомобиль көпірі мен бірнеше жаяу жүргіншілер өтпесі бар, еп хабарлайды 24 арна.

Олардың барлығына елеулі зақым келді. Қалпына келтіру жұмыстарына 30-дан астам техника, жүздеген адам қатысуда. Тіпті қарапайым тұрғындардың өзі күректерін ұстап, қолғабыс білдіруде. Ал Айбек бауырымыздың ерлігі туралы кешеден бері ел әңгемелеп жүргенімен, өзі мұны айтудан үзілді-кесілді бас тартып, жария қылғысы келмеді. Тек біздің табанды өтінішімізден кейін ғана сұхбат беруге келісті. Су тасқыны болған күні ол адамдарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысып жүріпті.

Содан суға кеткен тұрғын туралы ести сала оқиға орнына жүгіріп келіп, мұздай суға қойып кеткен. Енді бейбіт күннің батырын тыңдап көрейік. Айбек Смаилов, Аягөз аудандық ТКШ бөлімі жетекшісінің орынбасары: – Бір жігіт: «егер адамның суға ағып өткенін көзіңмен көріп, оған түк те істей алмасаң, өмір бойы өкінесің» деп айтып еді. Секірмей өкінгенше, қолымыздан келгенше барын жасап тырыстық. Аллаға шүкір, Алланың қалауымен екеуміз де аман қалдық. Қаншама жігіттер үйлеріне кіріп азаматтарды алып шығып, терезелерін шағып кіріп жатқан, белінен келетін су кешіп жүр, суыққа да қарамайды.

Сол жігіттердің барлығының ерлігі бар. Ал біздікі – борыш. Мен болмасам, сол жігіттердің әрқайсысы секіруге дайын еді. Тек маған бұйырып, мен бірінші көрген болдым. Біздің алып-қосарымыз құтқарылған азамат – жағалаудағы үйлердің бірінің тұрғыны. Қазір оның жағдайы жақсы. Ал Айбек «бұл әрекетім үшін ешкімнен мақтау мен марапат күтпеймін» дейді. Дегенмен аудандық төтенше жағдайлар басқармасы оны арнайы наградаға ұсынуды жөн санапты.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр

Алматы облысында 5 баласы бар отбасы күйеуінен зәбір көрген 2 келіншек пен 14 баланы асырап алған

ШҚО-да тасыған өзеннің арғы бетінде қалған 7 адам 3 күн бойы сонда түнеген

Талқылау