Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 11 жасар баланы зират басында асылып қалған күйінде тапты

22 желтоқсан күні Аягөзде 11 жасар бала жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, оны зират басында асылып қалған күйінде тапты.

suicide5

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

22 желтоқсан күні анасы баласының мектептен қайтпағанын айтып сынып жетекшісіне хабарласқан. Алайда, сынып жетекшісі оның сабаққа келмегенін жеткізеді. Кейін анасы туыстарынының үйінен сұрастырып көріп, ақыры полицияға хабар береді.

Баланы іздеуге полицейлер мен әскерилер, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 24 желтоқсан күні баланың мәйіті табылды. Оның денесінен қинау белгілері табылмады. Іс қатаң бақылауға алынды.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, баланы зират басынан асылып қалған күйінде тапқан. Айтуынша, бала қабір басындағы құлыптасқа асылған. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Аягөз тұрғындары желіде оның толыққанды отбасынан шыққанын жазып жатыр.

Михаил Потапов

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ тиіп ауруханаға түсті

Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген

Ақтауда кездейсоқ жүргіншілер алапат өрттен екі баланы құтқарып қалды

Атыраулық шопан қасқырмен айқасып 700 қойын аман алып қалды

Талқылау