ШҚО-да сотталған қылмыскер түрмеден қашып кетті
ШҚО 22 ақпанда ҚАЖ Департаментінің №16 мекемесінен “ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі” бойынша сотталған адам қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары шұғыл түрде басталып бір сағат ішінде қашқан ұсталған.
“Қазір Өскемен қаласының ПБ ҚР ҚК 426-бабы “Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО бойынша ҚАЖД қызметтік тексеру басталды.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды”,- делінген хабарламада.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады