ШҚО-да шенеуніктер көше мен мектептерге өз туыстарының атын беріп тастаған
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудандардағы жаңа нысандарға шенеуніктердің туыстары мен достарының есімін берілуіне реніш білдірді.
Фото: ustinka.kz
Бұл туралы Устинка Live хабарлайды.
“Біз аудан мен қала әкімдеріне үнемі ономастика туралы заңды түсіндіріп отырамыз. Бірақ, бәрібір қателіктер жіберіп жатады. Тарихи деректерді бұрмалап, мектепке білім саласына еш қатысы жоқ адамның атын бере салуы мүмкін”, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов.
Мұндай көпе-көрнеу заң бұзушылық тұрғындардың наразылығын туғызған. Шенеуніктің сөзінше, осы ретте департамент көше мен мектеп атауларына қатысты өтініштердің 30 пайызын кері қайтарған.
“Расында осындай бір үрдіс бар. Мысалы, аудандарда жергілікті басшылардың 100-150 жыл бұрын өмір сүрген ата-бабасына арналған спорттық жарыстар да өткізіледі”, – деді облыс әкімі Ахметов.
Өңір басшысы бұрын өмір сүріп кеткен және елге есімі белгісіз тұлғалардың орнын Қазақстанның заманауи батырларымен алмастыруды ұсынды.
“Өскемен қаласында бір атаумен бірнеше көше, тіпті атауы жоқ көшелер де бар. Мәселен, Невский деген – үш, Ертіс деген – төрт, ал Паровозный деген – сегіз көше бар екен. Бұл облыс және қала тұрғындарымен қатар, почта, жедел жәрдем, өрт сөндіруші, басқа да қызмет өкілдері үшін үлкен түсінбестік тудырады,” – деді Айдын Шаймарданов.
Облыс басшысы атауларға қатысты жұмыс жүргізуді және ономостика заңдылықтарына бағынуды қатаң тапсырды.
Оқи отырыңыз:
Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды
Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған
Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан
Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)