ШҚО-да өз нәрестесін өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданында нәрестенің өлі денесі табылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, Шемонаиха аудандық ІІБ-нің «102» нөміріне ауылдың шетінен нәрестенің мүрдесі табылғаны туралы дабыл түскен болатын. Сақшылар жедел әрекет етіп, баланың анасы 35 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған.

«Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша нәрестені өлтірді деген айыппен соталды тергеу басталды.  Істің анық-қанығын нақтылау үшін тиісті сараптама тағайындалды» -делінген департаменттің мәліметінде.

Тағы оқыңыз: 

Алматы облысының тұрғындары Көлсайдағы тау көшкінін видеоға түсіріп алды

Қарағанды облысында екі жетім баланы кімнің азаптағанын тексеріп жатыр

Қар жауады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа-райы болжамын жариялады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр