Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдарға 160 миллион теңгеге көлік сатып алынбақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мемлекеттік органға 160 миллион теңгеге автомобильдің не үшін керек екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Әкімдік сатып алу бюджеттік жоспарларға және автопаркті жаңарту қажеттілігіне сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Автокөлік сатып алуға қаражат 2024 жылы салынды. Кейбір жағдайларда бұл жұмыс істеу үшін көлікті қамтамасыз етуді қажет ететін жаңа аудандардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, Өскеменде қолда бар техниканың тозуына байланысты әкімдік үшін екі автокөлік сатып алынады. Күршім ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік көлігі жаңартылуда. Өйткені ескі көлік істен шыққан. Жаңадан құрылған Марқакөл ауданына 7 автокөлікке қаржы жіберілді. Ал Катонқарағай ауданында мемлекеттік мұрағатқа арналған көлікке қаражат бөлінді”, -деді әкімдік.



Шенеуніктер сатып алу заң шеңберінде өтетінін атап өтті. Конкурстар жарияланып, экономикалық негізделген ұсыныстар ескеріледі. Кей жағдайларда жеткізушілердің болмауына байланысты сауда-саттық қайта жүргізіліп жатыр екен. 

Сонымен бұл қаражатқа:

  • Өскемен әкімі аппараты –  13 миллион теңгеге;
  • қалалық білім бөлімі – 8 миллион теңгеге;
  • Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі –  16 миллион теңгеге;
  • Алтай ауданының Средигорный ауылдық округі әкімінің аппараты – 8 миллион теңгеге;
  • Алтай ауданының Зубовск кенті әкімінің аппараты – 7,5 миллион теңгеге;
  • Марқакөл ауданының экономика және қаржы бөлімі – 17 миллион теңгеге;
  • Марқакөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі – 17 миллион теңгеге көлік сатып алған. 

Жақын арада Өскеменге тағы да автокөліктер партиясы келеді.

  • ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының "ақпараттық технологиялар орталығына" – 16 миллион теңгеге;
  • Өскемен әкімі аппараты – 20 миллион теңгеге;
  • ШҚО Дін проблемаларын зерттеу орталығы – 16 миллион теңгеге;
  • ШҚО Мемлекеттік мұрағаты – 15,5 миллион теңгеге;
  • ШҚО Білім басқармасының "Жасөспірімдер үйі" – 8 миллион теңгеге тапсырыс беріп қойған.

Сонда ШҚО-ның мемлекеттік органдары үшін сатып алынған автомобильдердің жалпы сомасы 160 миллион теңгеден асады. 

Талқылау