Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да көлік өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен 10 жасар немересі ажал құшты

Өскемен- Риддер тас жолының 88-ші шақырымында болған апатта жанұя қаза тапты,-  деп мәлім етті ШҚО ІІД.  Риддерлік ерлі-зайыпты және олардың 10 жасар немересі мінген машина өзенге құлаған.

avto_0

Сурет: novayagazeta-ug.ru 

Үшеуі де көліктен шыға алмай, ажал құшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінде 20 маусымда ерлі-зайыпты Риддерден Өскеменге өз шаруалары бойынша аттанғаны айтылды.  Сол күні кешке өздерімен бірге  10 жасар немере інісін алып қайта жолға шыққан. Алайда көлік үйіне оралмады. Алаңдаған туыстары оларды іздей бастады.

– Түні бойы іздедік –  трасса бойында жүрдік, – деді қаза тапқандардың туысы Алиса. – Таңертең ғана таптық. Немере ағам көлікті өзеннен тапты. Автомобильді алып шығу үшін арнайы кран керек болды. Көлік ішінен 57 жастағы ерлі-зайыптылар мен бала мәйіттері табылды. Барлығы қауіпсіздік белдігін таққан екен.

Болған оқиғаны полицейлер тергеп жатыр.

– Жүргізуші  тиісті жылдамдықпен жүрмей, Өскемен- Риддер тас жолының 88-ші шақырымындағы бұрылыста көлік аударылып, Бутачиху өзеніне құлауы мүмкін, – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Мәтін Иван Сухоруков пен Наталья Потапованың мақаласынан аударылды

Жіберіп алмаңыз:

Өскемендегі жігіттің селфи жасамақ болып суға кеткендегі сәті жарияланды (видео)

Өз үйлену тойында қалыңдық суға батып кетті

Петропавлда суға ағып кеткен қыздың денесін малшы тауып берді

Атырау облысында 12 жасар бала мен балықшы суға батып кетті

Талқылау