ШҚО-да қатты жел 30 шақты үйдің шатырын ұшырып әкеткен
ШҚО-ның Зайсан ауданы Қаратал ауылында үйлердің шатырын жел ұшырып әкеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Қазгидромет филиалының ақпараты бойынша, 4 қыркүйекте облыс бойынша қатты екпінді жел, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі делінген.
Қазақстан аумағында қыркүйектегі ауа райы қандай болмақ
"Апат Зайсан ауданында болды, әсіресе Қаратал ауылы зардап шекті. Мұнда бірнеше минут ішінде жел соғып, екпіні секундына 27 метрге жетті. Ауыл көшелерінің бірінде 25-30 жеке тұрғын үйдің шатыры бүлінген. Оқиға орнында ауа райының қолайсыздығына баға беру бойынша комиссия жұмыс істеуде", - деп хабарлады ТЖД қызметі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"