Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қараусыз жайылып жүрген мал иелеріне айыппұл салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында қараусыз жүрген төрт түлік иелеріне жаппай айыппұл салынып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тіпті тәртіп сақшылары Өскемен-Самар тас жолының жиегінде жайылып жүрген бір үйір жылқыны қамап тастады.

26 бас жылқы Самсоновка ауылындағы күре жол бойында иесіз жүрген. Заң бойынша төрт түлікті жол жиегіне жаюға тыйым салынған. Өйткені жол апатына көп жағдайда осы қараусыз мал себеп болады. Мәселен, соңғы үш айда бейберекет жүрген малдың кесірінен 26 жол апаты тіркелген. Оның басым бөлігі Өскемен-Самар тас жолында болды.

Сондықтан полиция қызметкерлері салғырттық танытқан төрт түлік қожайындарын жаппай жазалауға көшті.

“Иесін тауып, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 408-бабы, 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Жылқының негізгі қараусыз жүрген бағыты бойынша Өскемен - Самар тас жолында мал қағу фактілері көбейді”, – дейді Өскемен қаласы полиция басқармасының инспекторы Асхат Сыбанғалиев.


Жылқылар туралы 11 қызықты мәлімет

Талқылау