Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да фельдшер жазадан құтылу үшін жүктілік туралы жалған анықтама жасаған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы жалған анықтаманы қолдан жасау фактісін анықтады.

Фото: Pinterest.com

Катонқарағайдағы ауруханада гинекологтың фельдшері өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.

Прокурор ұсынылған анықтаманың жалған екенін анықтады.

“Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, әйел 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның жүктілігі туралы анықтаманы  пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1 және 3-бөліктері “Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, – деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

8 тамызда сот К.-ны кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Талқылау