Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық туберкулезден емделіп жатқан диспансердің маңында қарасора өсірген

ШҚО-да ер адам қарасора өсіргені үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Proza.ru

Шығыс Қазақстанда ер адам туберкулезбен ауырып, Ақжар ауылындағы емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберілген. Туберкулезге қарсы диспансерге келе жатып, жол жиегінде қарасораны көреді.

Ер адам тұқымдары бар сабақтарды теріп, қалтасына салып, көктемде туберкулезге қарсы диспансердің серуендеу алаңына тұқым себеді. Қарасора көктеп шыққан кезде фтизиопульнологиялық диспансердегі қарасораны суарып, баптай бастаған. Нәтижесінде үш қарасора бұталары өсіп, оны ер адам теріп кептірген. Бірақ марихуананы шегіп үлгермеді, оны полиция ұстап алған.

Салдарынан ер адам Қылмыстық кодекстің екі бабы “Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” және “Өсіруге тыйым салынған қарасора сорттарын егу” бойынша кінәлі деп танылды. Ол бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 21 Тамыз, 2024 10:01
Талқылау