"Шизофрениямен ауырады, эскорт қыз": Атыраулық хакер танымал блогер Еркежан Шайхқа қатысты жазба жариялады
Фото: https://www.instagram.com/shaikh01kz
Атыраулық хакер лақап атымен танымал қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі блогер Еркежан Шайхқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хакер кейбір адамдардың өзіне халықаралық іздеу жарияланғанын пайдаланып, танымалдылығын арттырғысы келетінін жазды.
“Қазір бәрі хайп қуғысы келеді, тіпті бұрынғы эскорт қыздар да. Олар стористерінде мен туралы жала жазып жүр, ал өздері әлі күнге дейін сайттарда қызметтеріне жарнама іліп отыр. Міне, адамдар осылай өмір сүреді”, – деп жазды ол.
Ол келесі жазбасында танымал блогер Еркежан Шайх жайлы ақпарат бөліскен.
“Әңгіме осы қыз туралы болып отыр. Мен ол туралы жазып, жарнама жасағым келмеді, өйткені оның қалауы да сол. Айтуынша, ол бәрі туралы жазады, бірақ ол туралы ешкім жазбайды екен. Осы 40 минуттың ішінде маған 15-тен астам адам жазды, олардың айтуынша, ол адамдарды алдап кеткен, әрі мұны дәлелдермен көрсетіп отыр. Ал оған ақшаны қайтаруды сұрағанда, ол бәрін бірден бұғаттап тастайды. Бұл ғана емес – тіпті оған “сен туралы мынандай жазбалар тарап жатыр” деп жазсаң да, еш себепсіз бұғаттап тастайды”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ хакердің сөзінше, блогер шизофрения ауруымен ауырады және эскортпен айналысады.
“Мен ол туралы ақпаратты тексеріп көрдім, ол шизофрения ауруымен ауырады екен. Менде көптеген дәлел бар, бірақ мен оны әшкерелегім келмейді, маған ол қызық емес. Бірақ бір “бірақ” бар, ол өзі көрсетіп жүргендей адам емес. Өзін “Ұмраға барып жүрмін”, “мұсылманмын” деп көрсетеді, бірақ олай емес – ол эскорт қыз! Айтпақшы, ол мені де бұғаттап тастады. Бір қызығы, өзі туралы жазып отырып, сол адамды неге бұғаттайды? Мұнда қандай логика бар?” – деп жазды хакер.

Бұған қоса атыраулық хакер блогер Жұлдыз Жауынбаеваның да парақшасы скриншотталған сурет жүктеп, жазба жаариялады.
“Шынымды айтсам, мен ешкіммен дауласқым келмейді, біреуді масқаралауды да мақсат етпеймін. Жай ғана бәрі біле бермейді: мен бұған ұқсас адамдарды бұрын Google-да әшкерелегенмін, содан кейін олар блогер болып кетті, ал бастапқыда оны мойындағысы да келмейтін”, – деп жазды ол.
Алайда бүгінде хакердің ойы өзгерген. Ол өзгені әшкерелеу, масқаралау – ауыр күні екенін жазған.
“Бір кезде сондай әшкерелеу жасаған едім, бірақ содан кейін өзіме бұдан былай мұндай істермен айналыспаймын деп уәде бердім. Алайда қазір сол өз қағидамды бұзуға жақын тұрмын. Мен мұсылманмын, мінсіз болмасам да, әлхамдулиллаһ. Біреуді әшкерелеу, масқаралау маған мүлде керек емес, бұл – үлкен күнә екенін түсінемін. Бірақ адамда иманмен қатар нәпсі де бар ғой. Міне, олар сол нәпсімен ойнап жүр. Ал нәпсіні бақылау – оңай міндет емес”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған еді.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)