Шипажай қызметкері демалуға келген қонақтың қымбат заттарын тонап кетті
Көкшетаудағы Бурабай курортты аймағына демалу үшін келген Астана қаласының 30 жастағы тұрғыны ішінде “Айфон 5”, “Айфон 7” маркалы ұялы телефоны бар сөмкесін қолды қылғанын хабарлаған. Ол туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Әйел азаматша шипажай әкімшісімен бірге танысып, ішімдік ішкен. Кейін өз сөмкесін сол әкімшінің бөлмесінде қалдырып кетеді. Артынша қымбат заттарының ұрланғанын біледі. Шипажайда орналасқан бейнебақылау камералары күдіктіні де көп ұзатпай көрсетіп береді. Ол әйелдің аңқаулығы мен ұмытшақтығын пайдаланып сөмкені ұрлап, жұмыс уақыты біткен соң үйіне алып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 500 мың теңге.
Тәртіп сақшылары ұрланған телефондарды да тауып, иесіне қайтарды. Енді күдікті ҚР ҚК 188 бабы бойынша сот алдында жауап береді.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте қиранды астынан бесіктегі сәбиді шығарып алу сәтінің видеосы пайда болды (видео)
Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті (видео)
Атырау қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіріп кетті