Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шынайы сезімді бөлісетін адам іздеймін": Трансгендер Амилай жеке мұрағатынан видео жүктеп, қызу талқыға түсті

Фото: https://www.instagram.com/amilai.kazashka/

Танымал трансгендер Амилай Баймұратова екі жыл бұрынғы видеосын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызына осыдан екі жыл бұрын шымкенттік жігіт сөз салып, кейін екі жас ажырасып кеткен. Блогер сол сәтті сағынатынын жасырмады.

“Кейде көптің ішінде жүріп те өзіңді жалғыз сезінесің. Махаббатқа сену керек. Жанымды түсінетін, шынайы сезімді бөлісетін адам іздеймін. Махаббат – мен үшін жай сөз емес, жүрекке жылулық сыйлайтын ерекше күй. Мүмкін, бұл жазба бір жүрекке жетер… Мүмкін, дәл сен оқып отырсың…”, – деп жазды блогер.



Желі қолданушылары трансгендердің махаббатын қызу талқыға салды.

“Дәурен деген жігітпен жүріп, ажырасып кеткен еді”, “Өткенде осы жігітті көшеден көріп қалдым”, “Әр адам бақытты болуға лайық”, “Амилайдың бақытты кезі еді”, “Бұл бала Шымкентте 69, 34-автобуста кондуктор болған”, – деп жазды көпшілік.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 20 Маусым, 2025 15:32
Талқылау