"Шынашағын кесіп алған": Таразда бұрынғы полиция қызметкерінің мәйіті табылды
1 сәуірде "Жеңіс" саябағының жанындағы алаңда өтіп бара жатқан әйелдің көзіне ер адамның жаншылған денесі түскен. Марқұмның бет-әлпеті мүлде танымастай күйде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Kris.P. Taraz
Құқық қорғау органдары 44 жастағы марқұмның аты-жөні Жандос С екенін анықтады. Ол – бұрынғы полиция қызметкері.
HALYQSTAN мәліметінше, ер адам ажырасқаннан кейін ішімдікке салынып, үй-күйсіз жүрген. Жеті жылдан бері тұрақты баспанасы болмаған. Ал соңғы уақытта ішімдікке әуес адамдар жиналатын бос алаңда жиі уақыт өткізген.
Марқұмды кім және не үшін мұншалықты қатыгездікпен өлтіргені тергеу барысында анықталмақ. Қаскөй оның басын жаншып қана қоймай, шынашағын кесіп алған. Қылмыс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін біз Таразда жалдамалы пәтерде уәкілетті қызметкердің өлімі туралы хабарлаған едік.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мешіт маңында жігіттің денесі табылғанын жазған едік. Әлеуметтік желіде 29 наурызға қараған түні Есік қаласында мешітке жақын жерде жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірдің өзінде қылмысқа күдікті тұлға анықталды.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
