Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық пәтерін жалға беремін деп 4 жылға сотталды

Фото: Ru.freepik.com

Шымкентте пәтерін жалға берген үй иесі қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пәтер иесі газ қызметінің келісімінсіз, газ қауіпсіздік шараларын сақтамай үйін жалға берген. Пәтерде газды бақылау және желдету жүйесі болмаған. Салдарынан газ шығып, пәтерді жалға алған азамат көмірқышқыл газымен уланып қайтыс болған.

2025 жылы 18 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны қылмыстық кодекстің 306-бабы (Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі”, – деп мәлімдеді Шымкент прокуратурасы.


Досаев мемлекеттен үй алып, оны жалға беретін алматылықтарға шағымдануға болатынын айтты


2025 жылы пәтерін жалға беретін қазақстандықтар нені білуге тиіс


Ведомство пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азамат жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапсыздықтың ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 15:58
Талқылау