Шымкенттегі төбелесте қаза тапқан жігіт белгілі бапкердің ұлы болып шықты

20 қаңтар күні Шымкент қаласының қақ ортасында болған жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиғада қаза тапқан азаматтың грек-рим күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионатының жүлдегері, белгілі бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атышулы оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жағдай қазақстандықтарды есеңгіретіп, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ер адамдардың бір-біріне пышақ оқтаған сәттері анық көрінеді. Қанды қақтығыстан екі адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапқаны расталды.
Қаза тапқан азамат грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерінің ұлы, 40 жастағы Василий Колесников екені анықталды.
Кейінірек марқұмның денесі шамамен екі сағат өткен соң Ордабасы ауданына қарасты Темірлановка ауылында, орталық аудандық аурухана маңынан түрлі жарақат белгілерімен табылғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаевтың жеке бақылауына алынған. Ол бұған дейін Түркістан облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты