Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш бірдей пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды

Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қара жамылған үш отбасы да көрші тұрған. Алдын ала болжам бойынша марқұмдардың барлығы газдан уланып ажал құшқан. Марқұмдардың ең кішісі 16 жаста болса, үлкені 32 жастағы келіншек.
Түскі 13:00 шамасында жұмыстан үйіне келген үшінші қабат тұрғыны далаға шығып көмек сұраған екен. Үйдегі жуынатын бөлме есігін бұзып кіргенде 18 жастағы студент қыздың мәйіті табылған. Екі сағаттан төртінші қабаттың тағы екі пәтерінен үш адамның мәйіті табылған. Бірі терезені ашуға талпынып құлаған студент жігіт болса, қалған екеуі оқушы қыз бен оның жеңгесі.
Марқұм келіншек газы бар үй деп бұл пәтерге жуырда ғана көшіп келген екен. Оның артында 2,4,5 жастағы үш қызы мен күйеуі қалды. Оқиға болған уақытта жолдасы жұмыста, қыздары балабақшада болған екен.
"Үш пен төртінші қабатта газ жіберіліп тұрған дейді ғой. Газға жауапты мамандар кеше бір қыз қайтыс болғанда бірден тексеру керек еді. Оны ешкім көрген жоқ. Пәтерлерді ұрып-ұрып кеткен. Бұзып кіру керек пе еді?! Жоғары қабаттағы адамдарды аман алып қалатын еді. Үшінші қабаттағы қыз пәтерді жалдап тұрған. Сол пәтерде тағы бір әйел тұрады. Оның баласы басқа бөлмеде ұйықтап жатқан. Есік жабық болған. Ол баласы тірі қалды. Ал, мына қыз ваннада тыр жалаңаш тапқан ғой енді", - дейді үй тұрғыны Ұлжан Талғатқызы.
Шымкент қалалық полиция департаменті аталмыш іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген