Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі аулау орнынан құтқарылған екі ит АҚШ-та жаңа иелерін тапты

Фото: Vera.kz

Шымкенттегі аулау пунктінен құтқарылған Ириска мен Тея есімді екі ит АҚШ-та жаңа иелерін тапты. Жануар тағдырына бейжай қарамаған жандардың күшімен олар өлім аузынан аман қалып, сүйіспеншілікке толы жаңа өмірге қадам басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vera.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Тея мен Ириска шымкенттік жануар қорғаушылардың қолына 2024 жылдың жазында түскен. Ескі аулау орнында еріктілерге иттерді фото мен видеоға түсіруге рұқсат берілген. Осылайша, стористегі 15 секундтық видеодан бірден қорқақ Тея көзге түсіп, оны уақытша паналауға алу өтініштері түсті.

Волонтер Альбина Низамиева айтқандай, бұл ит "вольерде" тұрған. Қатты қорқып қалған, тұйық итті уақытша асырауға алып кетті. Оны емдеп, стерилдеп, жақсылап тамақтандырды. Ал Ирисканы аулау орны жаңа ғимаратқа көшіп жатқанда алып кеткен.

"Тамыз айында қалалық аулау пункті көшуге кірісті. Жаңа жерге бәрі бірдей жете алмайтынын түсіндік те, қолымыздан келгенше көп итті алып шығуға тырыстық. Әуелі өте ауыр халдегі иттерді алдық. Солардың бірі – Ириска. Ол уақытша паналауға жарамайтын еді, сондықтан дереу клиникаға жібердік. Стационарда үш аптадан артық жатты, кейін екінші уақытша үйге ауысып, емделіп, күтім көріп, қалпына келді", – деді Альбина.

Тея мен Ириска және басқа да құтқарылған иттер үшін Мәскеуден уақытша орын табылды. Кейбірі үшін ол тек транзиттік нүкте болды. Жалпы алғанда, шетелде Шымкенттен шыққан 13 итті қабылдауға дайын болған. Осылайша, зооқорғаушылардың қызу уақыты басталды. Себебі олар алғаш рет иттерді шет елге жөнелтуге дайындалып жатты, ал мұндай тәжірибе командада ешкімде болмаған.

"Мұндай құжаттарды рәсімдеуде бізде мүлде тәжірибе болған жоқ. Бір ит шекарадан өтпей қалса бәрін қайтарып жібереді. Ал бұл уақыт, ақша, жүйке және 13 иттің тағдыры. Шымкенттің ветеринарлық қызметінде де бірден осынша жануарға құжат жасау тәжірибесі болмаған, бірақ олар қолдарынан келген көмекті аямады. Бізге әр қадамды түсіндіріп отырды, командамен жиналып, әрбір қадамды талқыладық. Заң бойынша бір адам тек екі ит қана алып өте алады. Сондықтан мен достарымнан көмек сұрадым, бәрі ойланбастан келісімін берді. Біз ветеринариялық инспекцияда жиналып, өтініш жазып, алым-салықтарды төледік. Бір күнде барлық ветеринарлық сертификатты алдық. Бақытымызға орай, көлік келерден екі күн бұрын бәріне үлгердік. Шекарада қиындықтар туындады, бәрі бір сәтте күйреп кетуі мүмкін еді. Бірақ иттерді тасымалдаған компания өте кәсіби жұмыс істеді. Олар дұрыс сөз тауып, мәселені шешіп, топты шекарадан өткізіп жіберді", – деп еске алады Альбина.

13 итті құтқаруға арналған осы орасан жұмысты жануар тағдырына бейжай қарамайтын адамдар атқарды. Волонтерлер Наталья мен Альбина мыңдаған шақырым жолды артқа тастап, иттердің сүйіспеншілікке толы отбасыларға жетуіне көмектескен әрбір адамға алғыс айтты.

Ал Мәскеуде Тея мен Ирисканы АҚШ-қа сапарға дайындау басталды. Олар үшін барлық құжаттарды Ресей астанасында қайта рәсімдеу қажет болды. Енді Шымкенттегі аулау орнында өлім аузынан қалған қос төбет қазір АҚШ-та өз иелерінің жанында ойнап, көлде шомылып жүр.

"Біз осы құтқару жұмыстарына атсалысқан барша жанға алғыс айтқымыз келеді. Аулау орнына барып жүрген, қиын сәтте иттерді уақытша асырап алған, Мәскеуде қарсы алып, шекарадан өткізуге көмектескен жандарға мың алғыс. Қиын құжаттарды рәсімдеуге жәрдем бергендерге де алғыс. Ирисканың көлде шомылып жүрген видеосын көріп отырып, бұл істеген істеріміздің бекер болмағанын түсінеміз. Бүкіл күш-жігеріміз зая кетпеді", – дейді Альбина.

Ер адам иті үргені үшін көршілеріне ай сайын 106 мың теңге өтемақы төлейтін болды


Қостанай облысында белгісіз біреу үйдің ауласына күшікті тірідей көміп тастаған


Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында ер адам тоңазытқыш есігімен тұншықтырған Лаки есімді ит Америка Құрама Штаттарына ұшып кеткенін жаздық. Кейін ол мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірді. Зооқорғаушылар болса итті тексеріп, оның жағдайын анықтады. Итте дене жарақатының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған еді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 10:33
Талқылау