Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі адам өліміне әкелген төбелес: Полиция төрт күдіктіні ұстады

шымкент өліміне төрт күдікті

Видеодан скриншот

Шымкенттегі жол-көлік оқиғасынан кейін өлімге әкеп соққан төбелеске қатысы бар төрт күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төрт адам кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу шаралары жалғасып жатыр. "Кісі өлтіру", "Бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін департаменттің барлық күші жұмылдырылды", – делінген хабарламада.


Белгілі жаттықтырушының ұлы көз жұмған: Шымкенттегі адам өліміне әкелген төбелестің мән-жайы белгілі болды


Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын тергеп жатыр.

Еске салсақ, Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапқаны айтылды.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 15:54