Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полиция қызметкеріне қол көтерген жасөспірім сотталды

Фото: Жасанды интеллект

Шымкентте жасөспірім полиция қызметкеріне қол көтергені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында А есімді жасөсіпірмге қатысты қылмыстық іс қаралды. Жасөспірімге қылмыстық кодекстің “билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері” бабы бойынша айып тағылған.

Сот мәліметінше, 2025 жылдың қарашасында 18-шағын ауданындағы үйдің ауласында кәмелетке толмаған А оқиға орнына төбелес туралы шақырту бойынша келген полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігін тепкен.

“Қызметкерлер көліктен түскеннен кейін ол заңды талаптарға бағынбай, олардың біреуіне бетіне соққы жасап, денсаулығына зиян келтірмейтін жарақат салған”, – делінген сот хабарламасында.

Айыпталушының кінәсі жиналған құжаттармен дәлелденген. 

Прокурор жасөспірімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Жәюірленушілер жаза мөлшерін соттың қарауына қалдырды. 

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

"Сот кәмелетке толмаған А-ны кінәлі деп танып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", – делінген сот хабарламасында.
Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 20:45