Шымкентте жаңбырдан кейін жаңа асфальт опырылып, су құбырын жарған

Шымкентте Акторғай көшесінде өткен жазда төселген жол жаңбырдан соң опырылып қалды. Салдарынан жақын маңдағы үйлерде су өшіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жолдағы опырылған шұңқырдан көлік қозғалысы қиындаған. Участок бес күнге жуық осындай жағдайда тұрған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар балалардың шұңқырға түсіп кетуінен қорққан.
“Жауын қатты болды. Басында шұңқыр кішкентай еді. Бірақ жаңбырдан кейін асфальт бірден опырылып, жер асты шлангы қысып, жарылды. Екі көршіміз сусыз қалды. Бүкіл көше дәл қазір осылай боп тұр. Машиналар өте алмайды. Балалар осы жолмен мектепке барады”, – деді жергілікті тұрғындар.
Қазір зақымдалған жол учаскесі топырақпен толтырылған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәселенің барын растады. Басқарманың мәліметінше, 2025 жылдың шілде–тамыз айларында көшені ТОО "Atash Trans Logistics" мердігер ұйымы жөндеген. Асфальтобетон жабындысын төсеу және жол негізін тығыздау кезеңінде сапаны тексеру Ұлттық сапа орталығы арқылы жүргізілген.
-
Алматыда соққан жойқын дауыл салдарынан Шымбұлақта алып ағаш құлады
-
Пара алды деп күдікке ілінген Алатау ауданының бұрынғы әкімі Қонаевта гольф-клуб салып жатыр
“Жүргізілген тексеріс нәтижесінде Акторғай көшесінің кей бөліктерінде бұрын канализация құбырларын жүргізу жұмыстары болғаны анықталды. Сол жерлерде топырақтың ығысуынан асфальтобетон жабындысы опырылған”, – деп хабарлады басқарма.
Анықталған ақаулар мердігер компания арқылы жөнделетіні айтылды. Себебі кепілдік мерзімі бес жылдан асады. Жөндеу жұмыстары наурыз айының соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды