Шымкентте тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасаған тонаушылардың үйінен банкомат табылды
Шымкентте тонаушылар тұрған жалдамалы пәтерлердің бірін тінту кезінде ұрланған заттармен бірге банкомат табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Тәртіпсіздік кезінде тонау жасады деген күдіктінің төртеуі де – Түркістан облысының тұрғындары.
Ұрылардың қолды қылған заттарының арасынан полицейлер банкоматтан бөлек, тұрмыстық техника, азық-түлік, алкоголь және гигиеналық өнімдерді тапты.
- Алматыда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен тағы 1678 адам ұсталды
- Қазақстанда тәртіпсіздіктер аясында Gucci, Louis Vuitton киген бұзақылар туралы әзіл тарала бастады
Шымкентте сонымен қатар тағы бір тонаушы – көлік жуу мекемесінің қызметкері ұсталды.
Оның демалыс бөлмесінде ұрланған тауарлардан басқа, ерекше иісі бар зат және ішінде сары түсті сұйықтығы бар кесілген пластик бөтелке, сондай-ақ кастет табылған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар