Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тәртіпсіздіктер аясында Gucci, Louis Vuitton киген бұзақылар туралы әзіл тарала бастады

Қазақстанда митингтер аясында танымал бренд бутиктерінен ұрланған киімдер тақырыбына әзілдер тарай бастады. Алматы тұрғыны Олжас “Говорит Москва” басылымына пікір білдірген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, қалада банкоматтар мен сауда нүктелері қираған. Сонымен қатар тәртіпсіздіктер кезінде жергілікті тұрғындар дүкендердің терезелерін сындырған. Олардың біреуі өрттен кейін түні бойы жанып тұрған.

"Бандиттер мен қарақшылардың жолында болған кейбір дүкендер тоналып, терезелері шағылып жатты. Менің үйімнің жанында кемінде бес-алты банкомат тоналды. Сауда орындары мен азық-түлік супермаркеттерін тонап, барлығын алып кеткен жағдайлар болды. Қазір “Gucci мен Louis Vuitton киген адамдарды көрсеңіз, бұл брендтің түпнұсқасы” деген қалжыңдар таралып кетті", –  деді Алматы тұрғыны.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бітімгершілік миссиясының аяқталғанын мәлімдеген болатын. Екі күннен кейін әскерлерді кезең-кезеңімен шығару басталады, ол он күннен аспайды. Елдегі митингілер газ бағасы көтерілгеннен кейін 2 қаңтарда басталды. Наразылық акцияларының нәтижесінде Қазақстан қалаларында тонау оқиғалары жиілеп кетті.

Талқылау