Шымкентте сәулет басқармасының басшысы жұмыс орнында ұсталды

Шымкентте әкімдік ғимаратында Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 13 тамыз күні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында болған. Шенеунікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстап әкеткен. Енді оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша қылмыс жасады деген күдік келіп жатыр.
Тергеу мәліметінше, Әбдешов тікелей жұмыс орнында ұсталып, сол күні-ақ уақытша ұстау изоляторына қамалған.
-
32 жастағы Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
-
“Қызық болайын деп тұр”: Шенеуніктердің декларацияны қашан жариялайтыны белгілі болды
Ол бұл басшылық қызметке 2025 жылдың 28 ақпанында келген.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты