Шымкентте сауда орталығындағы өрт кезінде ер адам терезеден шығып кеткен (видео)
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Мира Мирзашова Шымкенттегі сауда орталығынан өрт шыққанын және туған ағасын қалай өрт сөндірушілер құтқарып қалғанын жазды. Оның айтуынша, ағасы орталықтың терезесінен шыққан. Бұған байланысты Stan.kz жергілікті төтенше жағдайлар департаментінен сұрап білді.
Мира Мирзашова өрттің қатты болғанын және ағасы түтіннен ешнәрсе көре алмағанын айтады.
"Бұл – менің туған ағам. Ол ештеңе көрінбегенін айтады. Спортзал ішінде жаттығумен айналысып жүрген, осы жақта терезе барын есінде сақтап, көзі жұмулы күйде терезені ашып, сыртқа шыққан. Қазір ауруханада жатыр, жағдайы жақсы", – деді оқырман ағасы туралы.
Видеодан да ер адамды өрт сөндірушілер сауда орталығының терезесіне баспалдақты қойып, құтқарып жатқаны көрсетіледі. Сонымен қатар оқиға орнына жиналғандардан "көтер, шығар" деген дауыстарды естуге болады.
Шымкенттегі төтенше жағдайлар департаменті өрттің толық сөндірілігенгін мәлімдеді.
"12:57-де Шымкенттегі Төлеметова көшесінде орналасқан "Buy-park" сауда орталығында өрт бойынша хабарлама түсті. Төтенше жағдайлар департаменті келген уақытта орталықтың шатырынан қара-қою түтін шығып жатқан. Өрт 13:53-те толық сөндірілді. Өртке департамент тарапынан 24 бірлік техника мен 80 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылды. Өрттің ошағы ойын-сауық орталығының 2-қабатындағы киім-кешек дүкенінен шыққан. Енді шығу себебі анықталып жатыр", – деп жауап берді төтенше жағдайлар департаменті.
Алматы облысында бір апта бойы әбігерге салған өрт ауыздықталды
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда өртенген үйден әйел мен екі ер адамның денесі табылды
Еске салайық, бұған дейін Астанада кафеден өрт шығып, кейін сегіз қабатты тұрғын үйді шарпығанын жаздық. Оқиға Ақмешіт көшесіндегі Karima кафесінде болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда өрттің кафені толық шарпып, бірнеше қабатқа дейін таралғаны көрінеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің нақтылаған ақпараты бойынша, өрт Есіл ауданындағы Достық көшесінде орналасқан сегіз қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде басталған.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
