Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте психоневрологиялық диспансерде науқастарды зорлаған қызметкерлердің соты басталды

Шымкентте психоневрологиялық диспансер қызметкерлеріне қатысты науқастарды зорлау фактісі бойынша сот ісі қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: yandex.ru

Шымкент сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс сотта жабық режимде қаралып жатыр. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы ("Зорлау") бойынша айып тағылған.

Сотталушылар – Шымкентте орналасқан психоневрологиялық диспансердің қызметкерлері екені белгілі болды.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында белгілі қазақстандық құқық қорғаушы Айман Омарова арнайы мекемедегі пациенттерді зорлау фактілері туралы мәлімдеген еді. Сол кезде адвокат бұл істің күдіктілері неге қамауға алынбағанын сұраған еді.

Сонымен қатар 2024 жылдың қараша айында Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында ем алған 17 жастағы пациенттің анасы екі ай өткен соң қызының жүкті екенін білген. Әйелдің айтуынша, қызы медициналық қызметкерлер тарапынан зорлық көрген.



Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында психикалық орталықтың қызметкерлері науқас қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жаздық. Екі науқас қыздың аналары орталық қызметкерлерінің қыздарды зорлағанын айтып, полицияға шағымданды. Бір ана қызының орталықта емделіп шығуын күткенін, бірақ жүкті болып келгенін айтты. Оның айтуынша, қызын камера жоқ бөлмелерге апарып, күшті дәрі егіп, зорлаған. Басқа ана да дәл осындай айып тақты. Науқастардың бірінің жүктілігі жасанды түсікпен аяқталды. Қыздардың аналары полиция арыздарын бастапқыда қабылдамай, кейін тергеу жұмыстарының созылып кеткеніне наразы. Құзырлы органдар "зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда санитарлардың әлі қызметтерінде жүргені қоғам наразылығын туғызды. 

Талқылау