Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте пара алған әкімнің орынбасары 11 жылға сотталды

Қаладағы Еңбекші ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерік Тіленшин, және әкімдіктің бас маманы (аты-жөні белгісіз кәсіпкер) айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерик Тиленшин

Фото ашық дереккөзден

Мәліметтерге сүйенсек, жемқорлыққа қарсы қызметкерлер анықтағандай, шенеуніктер өзара сөз байласып, мегаполисті абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкерден 60 миллион теңге көлемінде пара алған. 

Сонымен қатар әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы қызметкер қорымдарды күтіп ұстауға бюджеттен бөлінген 28 миллион теңгені жымқырған.

Айта кетейік, сот үш айыпталушыны кінәлі деп таныды, ең ұзақ жазаны Ерік Тіленшин алды, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.



Әкімдіктің бас маманы 10 жылға сотталды, ал кәсіпкер үш жыл ғана жазасын өтейді. Оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.

Еске салайық, 2024 жылдың 7 наурызында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық іздестіру басқармасының №57 мекемесінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғанын жаздық. Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейлері жарияланбайтыны айтылған.

Талқылау