Пара алды деп ұсталған Сәтпаев әкімінің ісі сотқа жетті
Өткен айдың ортасында пара алды деген күдікке ілініп, ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа жетті. Алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен.
Бірінші сот отырысы 11 наурыз күні өтеді деп жоспарланған.
Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге қылмыстық кодекстің 366-бабы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
Дәл осы күні сот отырысында қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қаралады.
ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын растады.
Ал Сәтбаев қаласының тұрғындары пара алды деп ұсталған әкім Шапағат Әубәкіровті қорғап, босатуды талап етті.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып