Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қыздың денесіне қол жүгіртіп, күш қолданған

Фото: depositphotos.com

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушыға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасады деп күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 25 ақпан күні сабақ кезінде болған. Оқушының анасының айтуынша, қызы үйіне күйзеліске ұшыраған күйде келіп, денесіндегі ауырсынуларға шағымданған. Кейінірек қыз 36 жастағы мұғалім оны күшпен құшағында ұстап, жіберуін сұраған өтініштерді елемей, жағымсыз әрекеттер жасағанын айтқан.

“Анашым, менің төменгі жағым ауырып тұр. Мұғалім партаға келіп, басымды өзінің төменгі бөлігіне басты. Аузыма қатты нәрсе тиді” деді қызым. Ол қызымды алдына отырғызып, денесіне қол жүгірткен. Кимінің сыртынан жыныс мүшесін тақаған. Қызым келгенде келгенде, мұғалімі рұқсат бермей қойған. Тіпті қызым “Жібершіңізші, ауырып тұр” десе де, қолынан мықтап ұстап, жібермей қойған", – дейді қыздың анасы.

Қыздың ата-анасы жағдайды анықтамақ болып, мектеп әкімшілігіне жүгінген кезде кедергіге тап болған. Директор бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуге қарсылық білдіріп, бұл ата-ана мен әкімшілік арасындағы төбелеске әкеп соқты. Әйелдің айтуынша, сол төбелесте қыздың әкесі зардап шеккен.


"Тізесіне отырғызып, сүйе бастаған": Астанада 9 жасар қызға тиіскен шетелдік ер адам қамауға алынбады

БҚО-да жасөспірім қызды зорлау: Шенеуніктің ісі жабылып, кейін қайта ашылды


Мектеп басшылығы бейнежазбаларды тек полиция шақырылғаннан кейін ғана берген. Кадрлардан мұғалімнің оқушы қызды қарсылық көрсеткеніне қарамастан күштеп алдына отырғызғаны анықталды. Ал мұғалім ата-анамен кездескенде нақты түсініктеме бере алмай, тек жылай берген.

Шымкент қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін ресми түрде растады. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"Қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде, мүмкін куәлар мен басқа тұлғалардан сұрау алынып, барлық дәйектер тексерілуде, алынған материалдар мен дәлелдер талданып, салыстырылады", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада ер адам лифтте кәмелетке толмаған қызға тиіскені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 20:05