Шымкентте көлік жуушы көлікті сұраусыз айдап әкетіп, жол апатына ұшыраған
Көлік жуу орнының қызметкері Шымкент тұрғынына 6 миллион теңге шығын келтірген. Ол жәбірленушінің көлігін айдап кетіп, өзге көлікпен соқтығысқан. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісай аудандық ішкі істер бөліміне "Тойота Камри" көлігін көлік жуу орнына қалдырған әйел жүгінген.
Белгілі болғандай, көлік жуу орнының қызметкері көлікті сұраусыз айдап әкетіп, тізгінге ие бола алмай, басқа көлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін көлік сырғанап, жол жиегіне шығып, аударылып қалған.
- Шымкенттік оқушы көлік дөңгелектерін жуып, айына 200 мың теңгедей пайда тауып жүр
- "Мемлекеттік бағдарламамен пәтер аламыз": Шымкент тұрғындары алаяққа алданды
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша тіркелді. Полиция азаматты ұстаған.
Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді