Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қызға сталкинг жасады деген ер адам қамауға алынды

Өз қауіпсіздігіне алаңдаған қыз полицияға жүгінген

Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер қызға сталкинг жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірнеше айға созылған қарым-қатынастан кейін, қыз жігітті ата-анасымен таныстырған. Артынша қыз жігіттің бұрын некеде болғанын білген. Осыдан кейін жәбірленуші қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда жігіт үш айдан астам уақыт бойы қызға қайта-қайта қоңырау шалып, хабарламалар жіберіп, аңдып жүрген. Сондай-ақ оның отбасына зиян келтіруі мүмкін екенін айтып қорқытқан.


"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?


Өз қауіпсіздігіне алаңдаған қыз полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертеді: мазалау, қудалау және қорқыту - жеке жанжал емес, заңды тікелей бұзу болып табылады.
Мұндай әрекеттерге дереу әрі қатаң тосқауыл қойылады.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда сталкинг бабы бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 19:14