Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысы бар деген жігітке іздеу жарияланды

Полиция департаменті Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктіге іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
21 жастағы қызға пышақ жарақатын салды деген күдікпен 1997 жылы туған Аймахан Шерхан Әлмаханұлына іздеу салынды.
“Қылмыс жасалғаннан кейін ол оқиға орнынан Hyundai Mufasa маркалы, мемлекеттік нөмірі 015 AUY 17 автокөлігімен қашып кеткен”, – деп мәлімдеді полиция.
Құқық қорғау органдары күдіктінің немесе аталған автокөліктің қайда екенін білетін азаматтарды 102 нөмірі бойынша хабарласуға шақырады.
Полиция қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша іс қозғады.
- Бір адамды өлтіріп, екіншісін жарақаттаған: Екібастұзда қанды қылмыс жасаған әйел ұсталды (видео)
- Заңгер адам өліміне күдіктелгендер туралы ақпарат үшін өз қалтасынан 2 миллион теңге сыйақы бермек
Еске салайық, Шымкентте 21 жастағы қызды көшеде пышақтап кеткен еді. Марқұмның танысы күдікті деп танылды.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев