Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 21 жастағы қызды көшеде пышақтап кетті: Танысы күдікке ілінді (видео)

Шымкентте қызды пышақтап кетті: Танысы күдікке ілінді Фото: Видеодан скрин

Қайғылы оқиға Шымкентте 11 қаңтар күні сағат 18:40 шамасында Төлеметов көшесіндегі №69/39 үйдің маңында болған. 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысты қала полициясы растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция өкілдері қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ведомство қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. 

“Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазір оны ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін барлық қажет жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.

Otyrar.kz порталы таратқан бейнежазбадан тәртіп сақшыларының қолында бейнебақылау камераларынан алынған жазба барын көруге болады. 

Шымкентте 21 жастағы қызды көшеде пышақтап кетті: Танысы күдікке ілінді (видео)

Қазір күдіктіге іздеу жарияланды, оған қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 08:23