Шымкентте кішкентай бүлдіршін балабақшадан қашып кеткен
Шымкенттегі балабақшалардың бірінен кішкентай бүлдіршін қашып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ақырында бала табылып, мекеменің бес қызметкері сөгіс алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті vera.kz басылымына сілтеме жасап.
Қалалық білім беру басқармасының хабарлауынша, оқиға 1 наурыз күні №60 "Тараз" мемлекеттік балабақшасында болған.
"Тәрбиеші баланы "Жұлдыз" тобынан әжесіне қарсы алып шыққан. Бірақ бала қашып кетті. Бүлдіршіннің басқаларға байқатпастан, балабақша сыртына қалай шығып кеткені белгісіз", – деп хабарлайды басылым.
Білім беру басқармасындағылардың хабарлауынша, бала жарты сағатта табылған. Оны іздеуге полицейлер жұмылдырылған.
Осы оқиғадан кейін, балабақша әдіскері, тәрбиеші, кезекші тәрбиеші мен күзетші қатаң сөгіс алды. Сондай-ақ мекеме меңгерушісі де сөгіс алып, жауапкершілікке тартылды.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?
