Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қар түскенде отырғызылған гүлдер тұрғындардың ашуын туғызды

Шымкентте қар түскенде отырғызылған гүлдер тұрғындардың ашуын туғызды. Қаланы көркейтуге бюджет миллиондарына қар түскен мезгілде гүл отырғызылғанын көпшілік құптамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Тіпті биологтардың өзі қазір себілген гүл тұқымы ерте көктемде көктейтініне күмәнді. 

“Қазірден айтып тұрмын, тамыры мұз болып қатқан. Бұл өлдінің есебі. Биолог ретінде көктемде қанша пайыз көгеріп шығатынына күмәнім бар. Әлі де болса, "әй" деп, үміттеніп тұрғаным айтып отырмын. Кейбір кезде тамыр жердің астында болғаннан кейін жылы жерде сақталып қалған шығар. "Шықпа, жаным шықпа" деп тұрған шығар. Ертең күн жылынса, әлі де болса бұлардың арасында бүршігі болады, міне, көріп тұрсыз ғой, сол бүршіктен гүл шыға ма деп үміттенемін”, – дейді биология ғылымының кандидаты Роза Жұмабаева. 

40 жылын биологияға арнаған маман тіпті қар астындағы гүлдерді тексеріп те көрді. Бірақ күн суытқанда отырғызылған хризантема, раушан мен қызғалдақты көктемде еккені дұрыс дейді. Қазір Шымкент көшелеріне егілген көшеттерді сақтап қалуға болады дейді. Ол үшін топырағын қопсытып, бетін полиэтиленмен жабуы қажет. Әйтпесе, көктемде шіріп қалады.

Ал Шымқаладағы жалғыз Қаратау ауданының өзінде биыл гүлдерге 17 миллион теңге қаралған. Қар астындағы семіп жатқан өсімдіктердің наурыз айында гүлденетіне үміті бар шенеуніктер болса, көктемей қалған жағдайда мердігер жауап береді дейді.

“Оңтүстік өңірі жылы, қатты суық болмайды. Сондықтан да оны күзде, қараша айында арнайы агрономдардың зерттеуімен егілді. Өйткені ол басы қурағанымен, көпжылдық. Көгалдандыру және жасыл желек күтіп ұстау жұмысына мердігер мекеменің тарапынан кепіл бар. Бұл негізі арнайы егілген, жылда егіліп жүрген гүл. Ол көктемде шығады”, – дейді Қаратау ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Есімхан Жүзбаев. 

Талқылау