Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 40 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынбақ

Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 миллиард теңге жеке инвестиция салынатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоба қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтып, инвестицияларды тартуға бағытталған.
Келісім аясында Шымкент қаласындағы Polpharma Santo компаниясында 300 жаңа жұмыс орнын ашылды. Бұл ірі инвестициялық жобаның жаңа кезеңінің басталуына жол ашты. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражатты қоса алғанда 39,5 миллиард теңге. Жаңа өндірістің бірінші кезеңі 2029 жылдың соңында іске қосылмақ.
Жаңа өндірістік қуаттар онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік затты шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Жоба мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сай келеді. Ол саланың тұрақты технологиялық базасын қалыптастырып, халық үшін дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталған.
Жалпы алғанда, фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында 316,3 миллиард теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды. Бұл саланың кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын, инвестиция салуға қызығушылық артқанын көрсетеді. Сонымен қатар дәрі-дәрмек өндірісін ел ішінде дамытуға нақты негіз қалыптасқанын және халықты дәрі-дәрмекпен қамту қауіпсіздігі күшейіп жатқанын аңғартады.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған