Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте коммункалдық қызметкерлер есеп үшін қоқысты шашып, кейін қайта жинаған

Шымкентте есеп үшін қоқысты өздері шашып, өздері жинаған коммуналдық мекеменің қызметкерлері жұмыстан босатылды. Олардың бұл әрекетін тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан скринделген 

Бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып кеткен. Видеода қызметкерлердің көшеге қоқысты тастап, қайта жинап, оны фотоға түсіріп жүргенін көруге болады. Көзбояушылық жасап жүргендер Тұран ауданындағы комуналдық мекеменің қызметкерлері екені анықталды. Олар бұл жұмысқа үш ай бұрын кіріскен. Содан бері екі шақырымға созылған көшені аптасына бір-екі рет тазалауды мойындарына алған. 

“Желіде таралған материалдар бойынша анықтау барысында жұмысшылар өздеріне көрсетілген міндеттерді тиісінше атқармай, жұмысқа салғырт қарағаны анықталды. Нәтижесінде келеңсіз жағдайға қатысы бар қызметкерлер қатаң ескерту беріліп, үш жұмысшы қызметінен босатылды. Алдағы уақытта ондай оқиғаларды болдырмау мақсатында мекеме жұмысшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – деді Тұран ауданы коммуналдық мекеменің басшысы Нұрбек Қанаев. 


Талқылау