Қазақстандық ер адам әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығамын деп 2 жылға сотталды

Фото: Рexels.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті тұрғынға қатысты істі қарады. Ер адам онлайн платформа арқылы ұлтаралық араздықты қоздырып, үгіттеді деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс материалына сенсек, сотталушы 2025 жылы сәуір айында өз парақшасында тікелей эфирге шыққан.
“Трансляция барысында ол өзге ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан. Іс қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (Ұлттық алауыздықты қоздыру және үгіттеу) бабы бойынша қаралды”, – делінген хабарламада.
Прокурор соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындап, соттан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды өтінді.
Сот оның кінәсін мойындауын және өз ісіне өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Соған қарамастан, сот айыпталушыға екі жыл алты ай мерзімге колонияға қамау жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"