Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл — жабайылық": Шымкенттегі хайуанаттар бағында ер адам түйеқұсты тепкілеу үшін қоршауға шыққан

Видеодан скриншот

Шымкентте хайуанаттар бағына келушілер қоршаудың шарбағынан асып түсіп, түйеқұстың тұмсығынан теуіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram желісіндегі парақшасында ер адамның орынсыз әрекеті бейнеленген видео жариялады. Оны 25 мамыр кешкі сағат 18:00 шамасында куәгерлер түсіріп алған.


Нәжісіне аунап жатыр: Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың мүшкіл күйі көпшіліктің жағасын ұстатты (видео)


Алматы хайуанаттар бағының есепшісі 32 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді


Хайуанаттар бағында қауіпсіздік ережелері және "қоршаудан өтуге тыйым салынады" деген нақты ескерту бар. Сол үшін мұндай әрекетке тыйым салынған.

“Бұл — жабайылық. Жануарлар — ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеліске түседі, ауырсынады. Егер жануарларға жанашырлығың жоқ болса — оларға жолама. Мазалама. Зиян келтірме”, – делінген хабарламада.

Зообақ әкімшілігі бұл адамды танығандардан ер адамды табуға көмектесуді сұрады. Олар құқық қорғау органдарына жүгінбек.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 08:26
Талқылау