Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дизельді бөшкені газбен жылытқан ер адам көз жұмды

Шымкентте ер адам дизель құйылған бөшкені газ баллонымен жылытқан. Баллон жарылып, алған жарақат салдарынан шымкенттік оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қайғылы жағдай 8 желтоқсан күні "Тассай Тас" ЖШС аумағында болған. Көлік жүргізушісі газ баллонымен бір бөшке дизель отынын қыздырмақ болған. Салдарынан жанармай құйылған бөшке жарылған.

39 жастағы ер адам ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. 

“Жұмыс жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Шымкент полиция департаменті.



Бұған дейін Абай облысында мектептегі қазандық жарылған еді. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 10 Желтоқсан, 2024 09:31
Талқылау