Шымкентте ер адам автобуста жасөспірім қыздың денесіне қол жүгірткен

Шымкентте ер адам автобуста кәмелетке толмаған жасөспірім қызға тиіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға туралы жасөспірім қыздың анасы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, 15 жастағы қызы таңертең №52 автобуспен мектепке бара жатқан.
“Автобуста адам көп болған. Осыны пайдаланып, шамамен 40 жастағы бір ер адам қызыма жабысып, қолын белдемшесінің астына салған. Қызым қорқыныштан бір сәтке қатып қалып, сосын бұрылып қараған, ал ер адам оның көзіне тіке қарап тұрыпты. Содан кейін қызым оны телефонына түсіре бастаған, осы кезде ер адам қолын алып тастапты. Ер адам келесі аялдамада (шамамен Дендросаябақ орналасқан жерде) түсіп қалған”, – деп жазды Theards қолданушысы.
Әйел дереу полицияға арызданған.
Астанада белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап кетпек болған
Абай аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Автобустың салонындағы бейнебақылау жазбалары алынған.
Полиция күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.
“Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларының жүргізілуде. Тергеу барысы департамент басшысының бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада ер адам лифтте кәмелетке толмаған қызға тиіскені туралы жазған едік.