Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі жылда салынады делінген стадионның құрылысы әлі қарқын алған жоқ

Шымкент стадионФото:gentos.com

2024 жылы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және футболшылардың қатысуымен іргетасы қаланған жаңа футбол стадионының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бастапқы жоспар бойынша нысан 2026 жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылыс басталғанына екі жылға жуық уақыт өтсе де, жұмыс толық қарқынға енбеген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба екі жылға кешіктіріліп отыр. Бұған бірнеше себеп әсер еткен.

Алғашында жобаға 20,9 гектар жер телімі бөлінген. Кейін жобалау барысында қосымша 6,24 гектар жер қажет болған. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін сатып алу процесі уақыт алып, құрылыстың басталу мерзіміне әсер еткен.

Құрылыс жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Бас мердігер ретінде "Qazaq Stroy" ЖШС таңдалған.


Көкшетауда еуропалық деңгейдегі жаңа стадион салынады


Қазақстандағы ең үлкен стадион Алматыда бой көтермек

Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты құны мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болмақ.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 13:36