Шымкентте дәрігерлер 10 жасар баланың миынан оншақты құрт шығарды
Шымкенттік дәрігерлер баланың миынан алып эхинококк кистасын алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бала бас ауруына шағымданған. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер бас миының эхинококкозы деген диагноз қойды. Дәрігерлердің айтуынша, бас миынан 10-15-ке жуық таспа құрт жойылған. Кистаның өзі үлкен мөлшерге дейін өскен. Оның ұзындығы 15 сантиметр және ені 10.
Операция сәтті өтті, ол екі сағатқа созылды. Науқас екі күн жансақтау бөлімінде болды, содан кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптадан кейін бала үйіне шығарылды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Бас миының эхинококкозы – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің паразиттік ауруы. Паразиттер денеге лас қолдар немесе жануарлар арқылы енеді. Уақытылы емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"