Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дәрігерлер баланың асқазанынан бір уыс шаш алып шықты

Шымкентте дәрігерлелар баланың асқазанынан бір уыс шаш алып шықтыФото: Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 8 жастағы бала жеткізілді. Бүлдіршіннің ішінің ауырып, тәбетінің болмай, 7 күн бойы тоқтамай құсқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әжесінің айтуынша, соңғы күндері бала мүлде тамақ ішпей қойған.

Дәрігерлер тексеру кезінде іш қуысын сипап қарағанда асқазан тұсынан бөгде затты байқаған. Балаға шұғыл түрде ота жасалды.

“Ота кезінде баланың асқазанынан бір уыс шаш түйіні алынды. Медицинада мұндай жағдай трихобезоар деп аталады, яғни асқазанда шаштың жиналуы”, – деп мәлімдеді Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл дерт салыстырмалы түрде сирек кездеседі және көбіне балаларда, жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жас әйелдерде байқалады.

Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 08:29