Шымкентте ер адам бұрынғы сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған
Шымкентте бұрынғы сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған азамат қолға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұрынғы серігінен қауіп төнген соң қала тұрғыны полицияға хабарласқан. Арызданушының айтуынша, ер адам интимдік видеосын интернетке жариялайтынын айтып, одан 20 мың АҚШ долларын талап еткен.
Күдіктіні қалалық полиция басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу кезінде қолға түсірді. Полиция бұл іске қатысты тергеуді бастады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары мұндай жағдайда қылмыскердің айтқанын орындамай, дереу полицияға хабарласуды ұсынды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"